Posted in

ТЕСКЕН ТАУ ӨТІП КЕТТІ (ӨТТІ, ӨТКІЗДІ)

Адам аяғын баспаған алыс жерге кетті, айдалды. ~ Бірақ оның аса ұғына бермейтін бір жайы. «Ақметшені қайда айдайды? Барса келмеске ме?» Бұрын патша заманындағы «барса келмеске айдайды», «Сібір жібереді», «Тескен тау өтіп кетеді» дегендер Таңқыбайдың құлағына таныс сөздер. Ал «Ақметшені айдау…» Х.Ес. ~ Сыртта тұрған әйелдер: – Батыр-ау, қалай ұстап әкелген, Қытай асып кетті деп жүргендері қайда? – Тегі жолда ұсталған ғой. – Қарағым-ау, осы күні милиция тескен тау өтіп кетсе де таппай қояр ма?! С.Жүн. ~ Енді бұл жерде де түртпектеп отырғызатын емессіңдер, енді қайда барамыз осы!.. Тескен тау өтіп кетпесем, тыныш қоятын емессіңдер! — деді Бұзаубақ. С.Сей. ~ Құстар қайда барады, аға? – дейді Жарбол. Бақытбек ағасы бір езуін тарта жымың етіп алып сөйлейтін әдетімен: – Олар Тескен таудан өтіп, жылы жаққа кетеді, – дейді. Ж.Шәк. ~ «Бізді отарбаға мінгізеді деседі; тескен таудан өткізеді деседі; сені алып кетерлік күн жоқ, қайтейін, Құтжолым, сары жайлауда қала ғой; несібеңді теріп жерсің» деп жұбаныш айтып, басынан сипағаны, Құтжолдың қыңсылап жылағаны ыстық қалпында, аянышты еді. Т.Әл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *