Тұрмыс құрар қыз бала д.м. ~ — Қу жалғыз-ау! Мені өз қолыңмен көміп кетсеңші! Сенің артыңда аңырап қалғанда не береке табам! Ел құсап ең болмаса біреудің тесік моншағын да қолыма кіргізіп кетпедің! К.Қаз. ~ Ауыл итінің құйрығы қайқы, қырық жыл бұрын кеміріп тастаған қыналы сүйегін де қызғанатын әдеті, осында да бір тесік моншақ бар- ау деп Белқарағайдың жалғыз дүкеніндегі жалғыз қызды елеп көрмеген жігіт- желең аяқ астынан апалаң- топалаң болды Қ.Ысқ. ~ Бәрінен де шешесі байғұсқа қиын болды. Иығы түсіп бүгіліп кетті. Кейде қызын қарғап: «Құдай маған тесік моншақ бергенше соқыр ұл неге бермедің»,- деп зарлайды. Н.Сер. ~ Енді оны несіне қоқсыта береміз, осы татуласқан күйімізде қала берейік те. Менің де маңдайыма жазылған біреу бар шығар. Тесік моншақ жерде қала ма. С.Мұр.
