Бостандық алды, құлдықтан құтылды.* Бұрынғыдай емес, теңдік тигеннен бері кедей жастары да ширығып, бай аулының адамдарынан жасқанбай, именбей, иық теңестіре отырып сөйлесетін. С.Жүн. ~ – Уездік қосшыкомның ағасы болып баяғы қу сирақ кедей пұшық Әбілдің баласы Құспан сайланды дегенде, бір ду қол шапалақтадық. Біздің сорлы кедейлерге де теңдік тиді деп есептедік,- дейді ол Ақметшеге қарап қойып. Х.Ес. ~ Тегіне теңдік тимеген адам ебімен ғана ел қатарына қосыла алады. Ел билеген ұлықтың ебі – жұрт алдындағы қылығы. Ә.Кек.
