Тілек-дұғаң қабыл болсын д.м. ~ – Абай аға, рұқсат етіңізші! Жүз жыл бойында талай жолаушы мен өткінші Еңлікке өзі білген құранын оқып, бата қылды ғой. Олары тие берсін! Мен бүгін сол Еңліктер жүрегіне арналған басқаша, өзгеше бір құран оқиын. Соған рұқсат па екен?- деді. М.Әу. * Ат-көлігің аман барғасын Аққұмның бір шелек суын Қарасайға қаратып жамырата сал! Түйеге тие берсін де. Аумин! М.Қаб. * Сіз аңсаған суды ұмытпай, ала келдім. Тие берсін, батыр ата!»– деп, бөтелкелердегі суды біртіндеп мола басына сыздықтатып төктім. М.Қаб.
