Posted in

ТИІП-ҚАШЫП (ІСТЕУ)

Шала-шарпы істелген мардымсыз іс туралы. Су әдемі, айнадай таза. Ішіндегі ойнаған балықтары көрініп жүреді екен. Әуелі шабақ келіп: біреуі-бір,екісі-екі жемді иіскеп, тиіп-қашып жұлқып кетіп жүрді. А.Байт. Сол торғайдың маңайында жаны ашыған арашашы жандарша, төрт-бес торғай айнала ұшып, таяу-таяубара түсіп, ап кетуге тас қорғанды бұза алмаған ерлерше тиіп-қашып өтіп жатыр о жаққа бір, бұ жаққа. Ж.Айм. Бағанадан бері құр садақ тартып, мылтық атып, алыстан тиіп-қашып жүрген Кенесары сарбаздары да,енді қамалға кірудің мүмкіншілігі барын көрді. І.Ес. Зауыттың бірде қосымша бөлшектер сақтайтын қоймасында, енді бірде химия лабораториясындатиіп-қашып жұмыс істеуші еді. Ө.Ахм. СПУСТЯ РУКАВА

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *