Жалпақ табан, майтабан. * Ең жақын серігі — әнін ел арасында еркін шырқап айта алмай, дәтке қуат санаған жалғыз Құлагерін ұлы бәйгеге қосып қызығын көре алмай, үйде тобан аяқ боп отырып қалды. С.Жүн. ~ Рас қой енді: «тобан аяқ» десе,- тобан аяқпыз, «азып- тозған» десе,- азып- тозғамбыз, не дейік, жайымызды басқа білмесе де Әжібек біледі. Сондықтан өзінен сөз күтіп аузына телміре қараймыз. С.Мұр. ~ Жүрегінің терең бір қалтарысында жасырын жатқан қызғаныш та бар. Өз даласының, өз елінің қасиетті топырағына бір шыбық қадай алмай, бір тамшы маңдай терін тамыза алмай шет қалған, думанды тойға бара алмай тобан аяқ болып тойтиып, көпшіліктен жырақ қалған адамның қызғанышы. С.Жүн. ~ Армияға ақсақ пен шолақ, тобан аяқты, әйтпесе жеті атасынан бері көксауды алушы ма еді. М.Қаб.
