Posted in

ТОБЫЛҒЫ ТОРЫ

Қызғылт күрең жылқы. ~ Одан да әрі жүрді, ат суарып тұрған бір жігіттен: – Торы байтал мінген кісі көрдіңіз бе?- деп сұрады. – Құйрығын екі керткен домалақ тобылғы торы байтал болса, әне біреу жылқыға мініп барады, – деді әлгі адам. Ж.Айм. ~ Желідегі құлындарды Бақ екі айналып өтті. Арыстай құла, көжектей көк, тобылғы торы, сүлік қара, меңсіз күрең, кер де, буырыл да, шұбар да, қасқа да, басқа да тырайып-тырайып жатыр. КЖүн. . Жендеттер қылбұрауды қайта қысқалы тап бергенде топты жарып кеп есік пен төрдей көшелі тобылғы торы ақбақай аттан қарғып түскен қақпақ жауырынды қыран қабақ қошқар тұмсық қараторы жігіт. С.Ақт. Қызғылт келген әдемі күрең түс. * Бүгін туған «бөле қарындас» дөңгелек жүз, қиық көз, томашадай ғана тобылғы торы қыз. М.Қаб. ~ Шіркін-ай деймін, сапырылған сары қымыз болса ғой. Тобылғы торы сыра да жерде қалмас еді. Базарда не жоқ дейсің, бәрі бар. Ө.Кәр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *