Posted in

ТОБЫН ЖАЗБАДЫ

Қатарын сейілтпеді. ~ Соғыста жігіттері шығынданып отырғанмен, Амантай отряды Көкшетау қарағайына негізгі тобын жазбай кірді. С.Мұқ. ~ Алты-жеті кісі боп, жаңағы оқшау отырған елубасылардың екінші жағынан, Құнанбай балалары отырған жақтың қарсы қанатынан келіп орын алысты. Бұл топ — әлі күнге ілігі мен түйіндерін, шоғыры мен тобын жазбаған баяғы жеті бай. М.Әу. ~ Қанша күннен бері тобын жазбай, қара құрттай қаптап келе жатқан қисапсыз көп балық теңіз түбін лайлап жіберген. Ә.Нұрп. ~ Нөсер басылды. Жердің беті жадырап, жаңа иістеніп қалды. Су әлі ағып жатыр. Тобын жазбаған қара бұлт шығысқа қарай жөңкіп көшіп барады. Бірақ көкті қанша торлағанмен; арты ыдырап, тарамдала бастағандығы байқалады. Б.Соқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *