Posted in

ТОБЫҚТАН ҚАҚТЫ

Күтпеген жерден соққы берді, қысастық қылды, кесірін тигізді. ~ Озған Сақатай оза берсін. Санатты оздырып басыма секірте алмаспын. Оның әйеліме секірмек болған ниеті үшін мен оны тобықтан әлі де талай қағармын. Ә.Әб. ~ Аңдиды қырдан қатер, ойдан ырсық,Суырмай саясат жоқ майдан қылшық.Қазақты кім сүйемек қолтығынан,Тобықтан дұшпан қағып, тайғанда ұршық. Н.Айт. ~ Ал енді ұрымтал жерді неге пайдаланбасқа?! Тобықтан қағатын қылта осы емес пе? Б.Тоғ. ~ Қартқа жетуге сәл-ақ қалғанымен, тас аран оның секіргенін күтіп тұрғандай, бірден тобықтан қақты. Б.Ыб. ~ Тұлданып тағдыр талағы, Тұйғыңды тепті жапалақ. Мысықты қағып тобықтан, Лақтырды тышқан жата қап. Н.Айт. ~ Алда бір үлкен тартыстың күтіп тұрғаны анық. Тіпті Бәйбектен қой жеп жаман үйренген кең көмейлерден де бұрын, ауданның көрсеткіші деп далақтап жүрген талайлар тобықтан қағып, жағаласары хақ. Түптеп келгенде мұның өзі көсегесі көгерер елдің К.Жүн. ~ Айналып өтуді алыс санап, төтелете салып еді, жоғарылап барған соң, сырғыма қорым басқан сәтте төмен сусып, алға аттаған адымын кері кетіріп, тобықтан қағар тосқауылға айналды. Қыбырлай қалса, табаны тайғанақтап, ит әуіреге салды. С.Үс.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *