Томырайып, үнсіз отырған адам туралы. * Етін турап, шайын баптап, дастарқанмен әбігер. Тобық жұтқандай томырайып, өзі сөзге де сараң. Ә.Асқ. * Үнсіз, әңгімені қайсымыз бұрын бастарымызды білмей дағдарыста қалдық. Әрине, сонау арғы беттен су кешіп, түнделетіп келген маған қарағыштай береді. мен тобық жұтып алғандай томпайып отырмын. О.Бөк. ~ Дүрия тағы күлді ал Гүлияда үн жоқ, екі беті нарттай қызара, тобық жұтқандай томпайып төмен қараған қалпында тұр. О.Бөк. ~ Сары кемпірде үн жоқ, тобық жұтқандай томпайып отыр-ау. "Қаратай қазақтарының мінезі қызық екен, – дейді Махмұт ішінен, – ғажап, тылсым мінезді адамдар. О.Бөк. ~ Етін турап, шайын баптап, дастарқанмен әбігер. Тобық жұтқандай томырайып, өзі сөзге де сараң. Аңшы жігіт, түн қатып, түс қашып тау мен таста жүреді, ол жақта қайдағы әңгіме. Ә.Асқ. ~ Өзіңе өзің қарауыл қойып, екі шоқып бір қараған, тобық жұтқандай қылғынып, жылап ішіп, жиіркеніп құсқан тіленші тоқтықтан бүйірі шықса ендігі семіздіктен жарылып кетпей ме? Ө.Кәр.
