Діни наным бойынша о дүниеде күнаһарларды азапқа салатын от. ~ Қиямет анық сол екен: Сүйгенінен жұда болмақ! "Тозақ оты қиын!" – дейді, – Жұрттың бәрі солай сөйлеп. Мұнан артық от болар ма, Зағыпырандай жүзі солмақ?! М.Ж.Көп. * Алдымен есіркеп, мүсіркеу, аяу, артынан қорлық, мазақ, табалау атаулының тозақ отына өртенген Ақбілек бәрібір тірі қалады: заман ағысы, өмір толқыны бірте-бірте ескі жараны емдеп, тіршіліктің жаңа жапырақтары қылтиып – көгеріп өсе бастайды. Р.Нұрғ. ~ Тәңіріне зарын төккен кәрі арлан – от ортасынан әзер сытылып, тұс-тұстан анталаған қалың жауына беттеп бата алмай, тозақ оты шыдатпас шаққа жеткенде, құйрығын шалып, жамбасын күйдіріп, сүйегін қарығанда ғана бір-екі секіріп қалып тұр еді. С.Сағ.
