Кеудемсоқ, өзімшіл. ~ Сол арада отырған отағасылар: — Омар, сен сол томырық мінезіңді қоя тұрып, сөз тыңдашы, ақыр ұнамаса, біреуді-біреу зорлай алмайды ғой,- деп ортаға алып шуласып, ал кеп төністі. С.Тор. ~ Жауыздық атаулы қаншама қаратүнек болғанымен, тіршілік нұры сөніп, ақтаңдақ арай шашқан алыс сапарынан ешқашан аялдамақ емес. Күлімдеп шыққан күнді де, томырық мінез түнді де алма-кезек ауыстырып маңа береді. С.Ғабб. ~ Зияш таң атқанша дөңбекшумен болды. Томырық мінез Әшірі құрғырдың бүгінгі қылығына ойы орала берді. М.Мақ. ~ Өмірәлінің томырық кеуде мінезінен имене баяу отырған Сатқанбай, оның мына жан тарта сөйлегеніне емекси: – Онда ақсақал мен Сақанды сартылдатып алып келейін, дайын отырыңыз, – деп атқа қонды. С.Бег
