Ым-жымы бір, жақын адамдар туралы. ~ Соның ішінде Нияздың момын балалары Жолшы мен Топы кең пейіл Таңсыққожаны тонның ішкі бауындай көріп, келін түсіріп, қыз ұзатса, – сыбағалы кәдеден құр қалдырмайтын еді. З.Шүк. ~ Әлгі найсаптардың көбісі тірі күнінде марқұммен іща й деспеген немелер, тіпті, тонның ішкі бауындай жақын сырлас болған жандар. Ж.Шағ. ~ Әуелде қажасу қайтадан ұшықты ма деп секем алған Елтай мына кеңкілден кейін Сүкең мен шофер жігіттің әкесі — Сәрсенбінің төс қағысқан дос екенін ұқты. Тонның ішкі бауындай достар, араларынан қыл етпейтін шын достар аяусыз қалжыңдасады. М.Қаб.
