Біреудің кейпін қабылдап, өзінің шын жүзін жасырды; басқаның атынан сөйледі, әрекет етті. ~ Олардың жасамақшы болып жүрген автономиясында тізгін жалпы халықтың қолында емес, жалғыз советтер қолында болмақ. Советтерге жалғыз бұқара кедейлер тонын жамылған азғындар кіріп іс басында солар тұрмақ. Солай болған соң мұндай автономияның біздің жұртқа қаншама пайдалы екенін түсіну тіпті қиын емес. С.Сей. ~ Амал не, Әупіштерді билік-ке жолатпайды ғой. Еңбекшілердің атынан солардың то-нын жамылған делдалдар сөйлейді. Қ.Жұм. ~ Алқорм аяған. Қатты-қатты. Түн ортасынан ауғанда тағы оңаша қалған. Екеуі. Тоқсаба тыстан ішке кірмеген. Қора-қопсысының жанында ойланып отырғандай. Ескі тонын жамылып. «Құрсақ шашу бергенімізге бір ай боп қалды, сізден жасырарым жоқ, – деді Тұмариіс Алқорыға. М.Байғ.
