Posted in

ТОПАЛАҢ КЕЛДІ (ТИДІ, ТАЯНДЫ)

Нәубет келді д.м. . ~ Малға індет тисе, қайтпек? Адамға оба, топалаң келсе, не қылмақ? Бұл екі апат дәйім қабат келмеуші ме еді! Сондай кездерде бақсы қатынсыз қалай күн көресің? Ж.Айм. ~ ШИМОЙЫН: Солдатовтың қазақ- орыстары переселендерге мөшек – мөшек оқ дәрі, мылтық таратып жүр. Бұларға топалаң тиді ме, әлде осының артында бір топалаң келе жатыр ма? Қ.Ысқ. ~ “Бөкеңнің тоңқаңдауы жаман, топалаң тиген бе?”, деп бара жатқанын естіп есін жиған. Н.Дәу. ~ Жоқ, апай, бұлай етуге болмайды. Оған тықыр таянғанша, қойға да бір топалаң таянады. Қазірден ойланғаны жөн, қазірден. Д.Әш.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *