Posted in

ТОПҚА САЛДЫ

Елдің талқысына салды; көпшілікке үлгі етті. ~ Жабулы қазан жабуымен қалсын демексің бе?.. — Төбелесті шаршы топқа салуға болмайды. Онда Ханзаданың сезімін жария етіп аламыз. Н.Сер. ~ Әй‚- деді бүлік биі Атбасардың‚ – Ел сені тектіміз деп топқа салды. Сен болсаң‚ текті болмай‚ тентек болдың‚ Тұрады басыңдағы бақ қашанғы… К.Мырз. ~ Падиша той қылыпты қырық күні, Таусылмас қанша берсе мұның пұлы. – Мынаны батыр болсаң жығып ал, – деп, Әпкелді топқа салар Қожамқұлды. "Ер Тарғын".

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *