Құрып бітуге жақын қалды; өлместің күнін көрді; берекесі кетіп, мұқтаждыққа, тұрмыс тауқыметіне тап болды. ~ Бұл маңайдағы ел үркіп кетті. Төңіректегі ауылдардың адамдары Мырзағұл ауылының маңайынан торғайдай тозған. І.Жанс. ~ Ендігі бір мәурітте көгілдер күріш танабында торғайдай тозып жүрген дихан бас құрай бастады. Д.Дос. ~ Ендігі мәселе – арттағы елге үгіт айтуымыз керек. Олар қарсыласып ештеңе өндіре алмайды. Бірісі бір, екісі екі қолға түссе, қара халық торғайдай тозады. Ж.Шәк. ~ Тегінде жайлаудан күзеуге, күзеуден қыстауға салтанатпен көшіп-қонып жүретін толықсыған қайран ел қазір басаламан қырғыннан торғайдай тозып, қашқын, үркінге айналған. Ғ.Біл.
