Еркінен айрылып, қапаста қалғандай қиналды, зәре-құты қалмады. ~ Сол бір-екі ерекше жандардың бір-біріне көз тастаған сәттері елестеді. Екеуінің елжіреген жүректерінің торға түскен торғайдай қапаста қамаулы тұрған өмірлері елестеді. С.Бег. ~ Қалай-қалай соғасың, қан-жүрегім?! Білмеймін, қанша өмірім қалды менің. Торға түскен торғайдай боп барасың, Қаршығадай самғаған алғыр едің… М.Мақ. * Үйі үңірейіп, үрейін алады. Сұп-суық. Көрдей. Күндіз әркімдермен әжік-күжік уақыт өткізгенмен, түн баласы торға түскен торғайдай бүрісіп, қорқыныштан көз ілмей шығады. Ү.Жәл. ~ Аңсаған ойыма түсті… Әкеме уәде берген соң да оған деген көңілім суымаған – ды. Бірақ қаншама суымай, аһ ұрғанмен уәдеден аса алмағансын жүрек байғұс торға түскен торғайдай тыпырлап – тыпырлап саябыр тапқан. Н.Сер. ~ Еркек деген, дейсің-ау, аусар халық, Ертек айттық ерте-кеш, тауыса алмадық… Торға түскен тотыдай сен отырсың Екі көзің жаудырап, жаутаң қағып. С.Тұрғ.
