Posted in

ТОЯТ АЛДЫ (АЙЫРДЫ)

Рахатқа бөленді, қанағат алды. ~ Әдетте іскер адам тындырған ісінен қанағат тауып, тоят алады емес пе. Бұл бүкіл есебін мансапқа құрған пысық болып шықты. Т.Сәу. ~ Ондай кезде тоят алып, көңілі аспанда қалықтаған Дөйшенқұл сонау Манас бабасының ақ отауына кіріп шымылдығынан сығалағандай бәдіктеніп, бір тәртіпсіз шумақтарды ырлап еліріп жатады. Т.Сәу. ~ Омарқанның жаңағы тоқ мойыны босап сала берді. Ол комитет болғанша осындай талай қазақтың ісін алып, тоят айырған адам еді. Мынаның арызын алып, ісін қумаса да ежелгі дағдысы бойынша жылы сөйлей бастады. І.Жанс.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *