Жазалы адамға тағылатын айыптың бір тобы. ~ Қайыптың «ел бүлдірген айыбы» мойнына қойылғасын Бегей руы үш тоғыз айып төлеген. Біріншісі — нар бастаған тоғыз: нар түйе, қалы кілем, қызыл тон, ұштап көйлек, кестелі жаулық, қос бауырдақты күміс жүзік, қылыш бау, деңмент белбеу, зерлі сәукеле, ақша; екіншісі — ат бастаған тоғыз, үшіншісі — қызыл тон бастаған тоғыз. Ү.Жәл. ~ Артынан Оразбай пәлеге тоймас қалпымен, енді тағы асқындай түсіп, айып тіледі. Айтқазы Абайларға бұл сәлемді әкелгенде, Абай өз аузынан өз жағына екі тоғыз айып атады. М.Әу. ~ Тоғыз айып деген бар. Ол – берілетін жазаның салмағына орай – бір тоғыз, екі тоғыз, үш тоғыз деп, оны тоғыз-тоғызға көтереді. Бір тоғыз – тоғыз бесті, бесті – бес жасар ат. Қ.Бег.
