Posted in

ТОҚАЛ ЕШКІ МҮЙІЗ СҰРАЙМЫН ДЕП ҚҰЛАҒЫНАН (ТҰҚЫЛЫНАН) АЙРЫЛЫПТЫ

Көптен дәметіп, аздан айрылды д.м. ~ – Е, жасанып шыққан жау оңайлықпен берісе ме, әлі жағаласып жатса керек. «Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп құлақтан айырылыпты» дегендей, өзге елді құл қыламын деп жүріп, өзінің күлін шаштырып алды-ау, бұл Гитлерің де. К.Сег. ~ – Сен мені өйтіп қорқытпа! – деді Дохалдай кекете езу тартып. – «Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп жүріп, құлағынан айырылыпты» дегенді де қазақ айтпап па еді. Қ.Жұм. ~ Ал, керек болса, саған. Құдайдың күні құрып қалғандай түн ішіне шақырғаны несі? Тегін емес шығар. «Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп, тұқылынан айырыптының» кері болмаса неғылсын. Ш.Бейс. ТОҚАЛ ЕШКІ МҮЙІЗ СҰРАЙМЫН ДЕП ҚҰЛАҒЫНАН АЙРЫЛЫПТЫ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *