Posted in

ТОҚАЛ ҮЙ

Шағын жаппа үй. ~ Бержабайшы қос терезелі тоқал үйдің алдына ойысып тұра қалады. Тымақтарын шекесіне салған төрт- бес желбегей сал даурығып, итермелесіп, тәлтіректеп үйден шығып келе жатады. Бізге оқшия қарайды да, «зиянсыз балалар» екенімізді білген соң, тұмсығын көтеріп жүріп кетеді. Ж.Айм. ~ Осындай тәуекелге бел буған әбдіуақит итіне шейін өзіне таныс Зейнеп тоқалдың аулы сыртын торлай бастады. Бірақ күзеті мықты тоқал үйіне таяй алмаған. І.Ес. * Есіктің дәл алдынан жол өтеді. Даланың бұралаңы мол қара жолы ол. Шатырсыз тоқал үйдің терезесі қысқы аязда қырауытқан шыныларымен, жазғы аптапта көгілдір әйнектерімен қара жолға үнемі мөлие қарайды да тұрады. С.Смат.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *