Ақыл айтты, әлдебір жөнсіз істен тоқтатты, уатып, жұбатты. ~ Бекболат қысылған, сасқан, кейіген жерде Ақберен ақыл тауып, тоқтау айтып, демесін болушы еді, жазаласа, Бекболат оның тілін көбірек алушы еді. Ж. Айм. ~ – Қайта жақсы болды. Біздің балалардың бәрі ертең жүреді екен. Бірге кетеміз. Нағашысының көңілі бұзылып, мұртын қайта-қайта сипай берді. Толыбай тоқтау айтты. Жұбатып отыр. К.Қаз. ~ Бірақ еңкейіңкіреген кеудесін көтеріп алып: – Бәрібір енді!.. Не қылса о қылсын, көрерміз! – деді. – Бәрі маған ұрсады, сен ақылыңды айтып тоқтау айтпайсың Айшаға дейді, – деді Садырбек. Ш.Мұр. ~ Елді басынғаны сонша, ол қора-қора қойларды егіндіктің үстінен айдап өтуден де тайынбайтын. Балалары оған қой деп, тоқтау айтып көрген емес. Б.Мом. ~ Бір жағынан қорқып, екінші жағынан аяп, тоқтау айтқан үлкендердің сөзін елемеген жігіттердің бір- екеуі арбадан қарғып түсіп, жаяу келе жатқан Барановтың қасына келді. Ә.Әб. ~ Осы араққа құмарлық, меніңше, ұлы Отан соғысынан басталды. … «қойыңдар, түбі азып-тозып кетеміз» деп тоқтау айтар адам табылмады. О.Бөк.
