Баршылық, молшылықты меңзейтін нышан. ~ Аттылы-тондылардың беттерінде тоқтық белгісі ойнағандардың сөзіне қарасаң, қанжығаларына байлай келген ноқта-жүгендеріне, жіп-шуларына жәрдемнің олжа малдарын тізе тіркеп қайтпақ; ал, аш-арық екендігі көлігінен де, киімінен де, кескінінен де байқалатындардың сөзін тыңдасаң, «әлі бар» дегендерге тышқақ лақ бергізетін түрлері жоқ. С.Мұқ. ~ Қазақы тұрмысқа қолайлы қоржынның екі басы тәрізденген бөлменің біреуі – қонақжай, екіншісі – отағасының құтты- ханасы. Кіреберісте қазандық. Тоқсыра қалаған сары қидың қызуына бусанған шұнақ құлақ қара қазан тоқтық белгісін танытып қақпағынан бу атады. Ө.Кәр. ~ Қымызды құлаштап сапырған қызыл бет келіншектің өңінде тоқтық белгісі бар. Ө.Кәр.
