Жақын қашықтыққа, атты жаратпай-ақ қосатын бәйге. Аяқсыраған ойын қайта жалғанды. Ұзақ бәйгінің аты келгенше деп, «тоқ бәйгеге» ат қоспақшы болысты. Б.Майл. Бір мезгілде — күрс… етті. Батыр-бұтыр мылтық дауысы, бұрқыраған түтін… түтін «тоқ бәйгенің»адамдарына қарай шығып, олар жалт беріп кейінгі топқа жапа-тармағай шапқанда, біреулердің аты құлай, біреулердің аты ойнап шыға берді; біреулер ат-матымен құлаған сияқтанды… Б.Майл.
