Мейірім, жылулық атаулыдан ада болды д.м. * Бірақ, қатты жерге сыздықтап жайылған судай қыз бойына бірте-бірте сіңе берді. Тоң боп қатқан жүрек жарасын жібітті. Бір емес, арада бірнеше күндер өтті. Р.Рай. ~ Екі айда, іштен шыққан шұбарды қойып, өгейдің де тас бауыры жібитіндей кез еді, бірақ мына жұдырықтай қыздың жүрегі тоң боп қатып қалғандай – айналайын деп асты-үстіне түсіп тұрған Тел жанға да, құлыным деп құрақ ұшып жүрген Гүлсанға да жыли қояр түрі жоқ. Д.Әш. * Тамыр – ең соңғы түбіртек- тұқылы қалғанша, өзін ұмытпайды. Ештеңені ұмытпас қара Жердің тоң боп қатқан жадынан жібіп, көктеген ұрық, ең ақырғы үзігі шіріп біткенше, жалғасын сезіп жатады… Т.Шап.
