Posted in

ТУМАЙ (ЖАТЫП) ТУА ШӨКТІ

Жасына жетпей жер құшты. ~ Еш күнәсіз, еш шүбәсіз сәбимін, Туа шөккен тағдырыма налимын. Өмір бәлкім, ақ сүті ме анамның, Өмірді уыз иісінен танимын. Н.Айт. ~ Кейіннен 1932 жылы Ілияс Жансүгіровтің редакторлығымен «Балға» деген атпен шыққан журнал да тумай жатып туа шөкті. Арада аумалы-төкпелі, қуғын-сүргін, соғыс жылдары өткесін «АраШмель» деген 1956 жылы саяси-сатиралық журнал өз оқырмандарымен қайта қауышты. К.Әмір. ~ Мамай майлы саусағымен аяғындағы мәсінің қонышын жонып – жонып уқалады: – Итпен құда болсаң – тойың боқ сасиды, – деп өзіңнің Жұмабай әкең марқұм айтушы еді, сол айтқандай сенімен туысқан боп туа шөгерміз түге! Туысқан екенің рас болса, елге күлкі, есекке таң қылмай, тыныш отыр, Тұтан. Ш.Мұр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *