Тас-талқан қылды, опыр-топырын шығарды. * Күні ертең кәмпіскеге түскенде мынау Малтыкөлдің шиебөрідей шулаған өңшең арамтамақ аш-арықтары ту-талақайын шығарар. О.Бөк. ~ Ал, енді өзіміз бауыр басқан Құсұяның жайы қалай? Ол жерлерді де ту-талақайын шығарып жыртып тастады ма? С.Дос. * Қорықтан сәл көз тайса болды – өзенді айнала тұтып жүрген сиыршы малын бау арасындағы шалғынға қаптатады да жібереді. Содан туталақайын шығарып жатқаны. Д.Досж. * Сорақы соқтығылыстар, қаһарлы қақтығыстар, долы жүргендей, валисіміздің ту-талақайын шығарды. Қ.Шабд. * Қадамың қатып қалды ма, бар, тауықтарыңды жинап ал, былтырғыдай мына ауладағы саңырау Сҽрсенҽлінің жаман кҿпек иті ту-талақайын шығарып, қырып тастамасын десең! М.Айым.
