Құпиясы мол, сыры сан қилы, жұмбақ әлем. * Сол бұйырмаған махаббат, достықтан біткен екеуінің баласы, жөргектегі нәрестесі — жас ұлан, әкесі мен шешесінен айрылған күні жөргегінде жылаған күйінде мынау шеткі Ақшоқының есіз биігінің басына апарып тасталды. Дәл сол қаза күні байып батқанша шегі қатып, жылап жатты. Суық дүние, тылсым дүние ортасында, тас бауыр адамнан алыс, жалғыздықта… үні өшті!.. Мәңгі өшті!..— деді де Абай сөзін бітірді. М.Әу. ~ Тұрса да ақырзаман аран ашып, Кетесің от пен суға араласып. Кіресің тылсым дүние құшағына, Дауылмен жалғыз өзің жағаласып. Н.Айт. ~ Өйткені Абай әлемі табиғаттың өзіндей тылсым. Ол сәт сайын жаңғырып, түлеп, сәт сайын қозғалысқа түсіп, сәт сайын жан-жағына сәуле жамыратып тұрған әлем. Сол құпия тылсым дүниенің стихиялы қозғалысына үңілу, оны бақылау – Абайды ғана емес, өзіңді де өзіңше ашу болып табылады. Т.Мед. ~ Ішкі еркіндік, жаңа жерлерді, алыс та түсініксіз қиырларды, беймәлім тылсым дүниені көруге деген құштарлық, құпия көкжиектің шекарасын аттасам деген балалық аңқау талпыныс. С.Байх.
