Біреуге бас ұрғанда аяғына тымағын тастайтын ғұрып. ~ Ал, «тымақ ұру» дәстүрі даужанжал кезінде кінәлілер арызданушылардың алдына барып, тымағын тастап, кешірім сұрау барысында қолданылған.. Г.Дүйсеб. ~ «Тымақ ұру» немесе «Тымақ тастап кешірім сұрау» бітімге шақырудың ең үлкен көрінісі немесе айыпкер жағының беделді адамдары мен жасы үлкен, жөн білетін ақсақалдарының құныкердің ауылындағылардың алдына барып «Құдай кешсекеш! Білместік, оқыс кездейсоқтық іс болды, кешір!»деп өтінген кезде ең үлкен ақсақалы баскиімін ортаға тастап сөзге, мәмілеге шақырады. БАҚ. Қазақтың ұлттық ойыны. Биік бақанға тымақ іліп қойып, көзі тұмшаланған жігіт соны қамшымен ұрып түсіруі керек. ~ Тымақ ұру – қазақтың ұлттық ойыны, оған ат үстінде отыра алатын кез келген жігіт қатыса алады. Ойын жазық кең алаңда ойналады. Ойын шартына сәйкес, жерге биіктігі салт аттының қолының деңгейінен аспайтын құрық қадалады. Оның басына тымақ, не малақайды іліп қояды. Салт атты ойыншыға таяқтың басында ілулі тұрған тымақты (не малақайды) көрсетеді де, орамалмен көзін көрмейтіндей етіп мықтап байлайды. Сонан соң оны атқа мінгізіп, қолына қамшы ұстатады да, бірер айналдырып: «Тымақты ұрып көр!», – деген сөздермен басын тымақ ілінген таяққа қаратып қоя береді. Көзі байланған салт атты қолындағы қамшысымен тымақты ұрып жерге тырысады. Тымақты үш әрекеттен кейін ұрып түсіре алмағандар жүргізушінің рұқсатымен айып ретінде ән, тақпақ орындап, ойынға қайта қатыса алады. Тымақты бірінші болып ұрып түсірген ойыншы жеңімпаз атанады. "З.Қабдолов қоры".
