Көңілі тынышталды. * Кешке қарай ызғар сынып, арсы-күрсі алқынған толқындар тыншу тапқандай болды. Т.Сәу. ~ Ес білгеннен қанаттасып өнермен, Тыншу таптым қазыналы тереңнен. Жайғасып ап биігіне таулардың Азғындарды ар сотына берем мен. Б.Раис. * Биік ернеу қоршаған бұрқақтың бір қапталы мүлдем беті жыбырламайды, тыншу тауыпты. Ж.Шағ. ~ Өз жағдайыңмен қоса көршіңнің де көңіл күйзелісіне мүдделі болмай, жер жүзі тыншу таппайтын көрінеді. Н.Сам. ~ Таза кенеп оған бұқаға қызыл матаны яөрсеткендей әсер етеді, қашан оны майлап тастағанша тыншу таппайды, – деген Родригес күліп. Ч.Пав.
