Posted in

ТЫНЫШ ЖАТА АЛМАДЫ

Әрекетсіз қала алмады, бейтарап бола алмады, бірдеңе істеу керек болды. * Бақтығұл бұл әңгімеден соң тыныштан тыныш жата алмады. М.Әу. * Есеней Стап емханасында да тыныш жата алмады. Ғ.Мүс. * – Шырағым, Көжек,– деп бастады қарт дымқыл тартқан кәрі көзімен Көжекті сынай шолып өтіп.– Аттанады деген хабарыңды естіп тыныш жата алмадым. Т.Ахт. * Ақбөбектің даңқы айналаға тез жайылды. Айға дейін кісі аяғы басылмады. Аяқ жетер жердің адамы келінді көруге асықты. «Мың естігеннен бір көрген артықты» білетін қазақ үйде тыныш жата алмады. Ү.Жәл. ~ – Босқыншылыққа ұшыраған жай бар, – деді Жезкиік. – Ел шетіне жау тигенде, қалайша тыныш жата аламыз? Бәріміз де саған мұңымызды шағуға келгенбіз. Егер ел қамын ойлайтын ұл екенің рас болса, бүгіннен бастап ұйқың қашады, батыр. Ш.Вйт. ~ Ұзақ жылдық әскери еңбегімнің есесіне мен запастағы полковник ретінде қайғысыз-қамсыз жата беруіме болар еді. Бірақ запастағы азамат ретінде тып-тыныш жата беруіме арым төзбеді. Ә.Нұрш.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *