Posted in

ТЫРНАҚТАП (ТІРНЕКТЕП) ЖИНАДЫ

Ауыр еңбекпен, аз-аздан, ептеп-ептеп құрады. ~ Тырнақтап жиған ақшама бір- екі уақ мал қосып, әкем бір бие алсақ деп жүруші еді; өзімізден оразамызды ашамыз ба деуші едік. Ол адыра қалды. Ж.Айм. ~ Әкеңді адам қылған мен. Қарашы! Тапқан−таянғанын тырнақтап жинап, аяғында үстімізге ымырат салғыздым. Осылар біз өлсек, сендерге қалады. Ащы- тұщының дәмін тат! —дейтін қит етсе- ақ шешесі. М.Дәу. ~ Бір жылдары Арқа жақтың қысы аса қатты болып, Байшығаштың тірнектеп жиған малы жұтқа үшырайды да, лажсыз кері қайтады. Б.Тоғ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *