а) Мал сойып, қонақасы жасамады. ~ Ау, айналайындар – ау, Тұтан келгенде тышқан мұрнын қанатпағаным жаман ырым ғой. Әлгі жалғыз құнажыны құрғыр буаз еді, енді қайттім, құдай–ау? Ш.Мұр. ~ – Жоқ, қуыс үйден тышқан мұрнын қанатпай шыққандарың ұят болар. Осы күнгінің қойы да, марқасы да осы емес пе!.. Т.Сәу. ә) Біреуге қиянат жасаған емес. ~ Осынша азап шегетіндей не жазығы бар?! Тышқан мұрынын қанатқан жан емес. Ж.Нәж. ~ Сапар. Адам түгіл, тышқан мұрнын қанатып көргенім жоқ. Бар тілегім – қатем болса кешір, кешірем деші! Қ.Мұхам. ~ Түюлі жұдырық, қатулы қабақты баладан енді өзге балалар шошитын болды. Тышқан мұрнын қанатпаған баяғы періште бала енді агрессор балаға айнала бастады. С.Ел.
