Сабырсызданып, тағат таппады, ~ Сол жүргінші тобы Ертістің Слободка жағасындағы көпіріне кеп тоқтады. Осы "қайық аузы" дейтін жерде тағы да жесір қуған, пәле іздеген үлкен топ сабырсызданып, тықыршық атып тур екен. М.Әу. ~ Таң бозынан қайтып келуге тиісті Ханжігіт қайта оралмады. Ай жайылды, күн шықты, келмеді, түс ауды, келмеді. Бір сұмдықтың ныспын нышандап, тықыршық атты. Ғ.Біл. Тыпыршып, жер тарпып, шыдам таппай тұрған ат туралы. ~ Алғашқы шу мен жылқы жақтан шыққан «аттанды», сатыр-сұтырды естіген ат-айғырлар тықыршық атып шыдай алмай, басы байлаулы болса да, кермені сүзіп жөнеліп, еліріп, тынышсызданып тұр еді. Бұлардың кейбірі асығып келген жігіттер мінгенше болмай шыр айналып, сабырсызданып алып жөнеліп жатты. М.Әу . ~ Делбені бос жіберген, ұшы жамбасының астында. Дәнеш барып шанасына секіріп шыққанда тықыршық атып тұрған аттары ала жөнелді. С.Мұр. ~ Атты әскер ойындарының бәрін де білесің бе? – деді ол тізгінін жұлқып тықыршық атқан астымдағы Ақбоз ат пен маған кезек қарап. Ә.Нұрп.
