Құлағын тосты, ынта салды, ден қойды. * Басындағы үлкен орамал қайта-қайта шұбатылып бетіне түсе береді. Және тың тыңдауға құлағын да кептей берді. М.Әу. ~ Тоңған жоқ па? Қарындары ашқан жоқ па? Үсті-бастары қан сияқты еді, ол жуылды ма екен? Осыны білетін кім? Білу кімге міндет? Етікбай кілеттің о жер-бұ жеріне барып сығалады, тың тыңдады. Мінайдарға жалтақтап қарады, ашқызып көрмекші ме екен? Б.Майл. ~ Айдың әлсіз сәулесі бір кезде босаға саңлауынан біреу өткенін көрсетті. Бәтима тұла бойы шымыр етіп, «сол!» деді. Иә, «сол». Киіз есікті жамыла тұрып, аз ғана тың тыңдады. Құлағы қандай естімпаз! Кемпірдің болмашы пысылын ести сала, қос ашпалы есіктің дереу бір жағын ашып, босаға аттады. Ғ.Мұст.~ – Сол оттың басында күн көтерілгенше отырдым да, түндегі ұрылар меңзеген жаққа қарай жүріп кеттім. Әлі жүріп келемін, әлі жүріп келемін, ел қарасы әлі жоқ. Ауық-ауық тың тыңдаймын. Ешбір дыбыс білінбейді. Ә.Әб. * Шабарман отырған жерінен қамшысының сабына сүйене атып тұрып есікке беттеді. Қос есікті шалқайта ашып қалғанда тың тыңдап тұрған қыздың басына сарт ете түсті. С.Досж. * Анда-санда бозторғайдың дауысына салып шырылдап қоямын да, демімді ішіме тартып тың тыңдаймын. Ж.Сәмит. * Бұлт арасынан жарқырап ай көрінгенде, жүгіріп сайдың ішіне түсті. Ұры адамдай жан–жағыңа жалтақтап, тың тыңдап, әр жерге бір тоқтайды. Т.Әбд. * Нартуған таң әлетііндегі дала тіршілігінің сылдыр-сыбдыры көбейіп кететінін бүгін ғана аңдағандай, демін ішіне тартып алып тың тыңдайды. О.Сәрс.
