Жұмсартып айтты; біреудің айыбын жеңілдетуге тырысты; жуып-шайды. ~ Оның үстіне, жат көзқарастағы адам, ептеп тігісін жатқызбасақ, бұл заман деген аумалы-төкпелі, қателесіп кетуіміз ғажап емес. М.Мағ. ~ Шәкерім мен Әмір бір әке, бір шешеден туған. Екеуі де Құдайбердінің баласы. Әмірдің жеке өмірі туралы шындықты тігісін жатқыза былай деп баяндап беріп еді: – Әмірдің өмірі лап етіп жанып, шоғының қызуы тез күйдіріп, тез өшетін сексеуіл сияқты. Т.Жұрт. ~ … сөзге баққан адамға жай көзге бадырайып көрінген заңсыздықтың тігісін жатқызып түсіндіруге тырыстым. Б.Қыд. ~ Кілең сен тұр – мен атайын көкжал бөрілердің шамына тиіп, намыстандырып алмас үшін сөзін Қанай би батырларға бипаздап, мипаздап тігісін жатқызып жеткізеді. С.Ақт. ~ Иә, «қаталдық» дегені жұмсартып, тігісін жатқызып айтқаны болмаса оның жасаған әділдік әрекеті еді. Ш.Рах. Ретін келтірді; ыңғайын тапты; кем-кетігін түзеп, жетілдіре түсті. ~ Оқып келгені болмаса, қара жұмыстың тігісін қалай жатқызуды енді-енді үйрене бастаған жас жігіт Әбжалды бригадир еткен. Оның қолындағы қамшы осы кезде ойнай бастады. Н.Дәу. ~ Балаға обал болар. Қолымызда тұр ғой, білдірмей тігісін жатқызып жіберейік», деген екен, «Жоқ, баламның қымбат екені рас, бірақ әділдік одан да қымбат!» деп Аристотельше қолын бір-ақ сілтепті. Т.Сәук.~ Қараш түсіндіре бастағанда, Мүсірәлі: – Қой, ағаш атпен көкпар тартып не жарытады? – деп басын шайқайды. Жамаш дүдамалдың тігісін жатқызып жатыр. – Бұл кісілердің лепесіне күмән келтіруге болмайды, ақсақал! Кино шығаратын, газетке сөз беретін осы кісілер. Т.Әл. ~ Әнеугүнгісінен мүлде басқа адам. «Құралай тігісіңді жатқызған-ау!» деп Торғауыт іштей жымиып қойды. Ж.Сәм. ~ Біз ол кісідей бола алмасақ та, ұқсап баққымыз келеді,-деп алда-жалда суық жүрістерің әйгіленіп қалса, тігісін жатқызбақсыңдар ғой, оның бұл сөзіне отырғандардың шек-сілелері қатқанша күлді. С.Баяз.
