Берекесі кетті, сетінеді. ~ Біз сізді талайғы таныс аяулы апаңызбен табыстырсақ, оның рухымен өзіңіз де жеке шүйіркелесіп, бәлкім оған Сіз де іштей бүгінгі тіршіліктің бағзы бір тігісі сөгіліп тұрған жерлерін айтып, шама келгенінше шағынып бағарсыз. Х.Ерғ. ~ Жазғытұрым алты ай жамылған тонының тігісі сөгіліп, тоңынан бу бұйраланып, жігі ыдыраған даланың барша суы жылғаланып құйылар еді Сасықкөлге. С.Сағ. ~ Генерал Чернов тоз-тоз боп кеткен әскерін ту түбіне топтап алғысы кеп қанша күш салса да, тігісі сөгіліп кеткен дүние ырыққа көнбей ыдырап жатты. Ә.Нұрп. Ағыл-тегіл төгілді д.м. ~ Ұланасыр той басталды. Тас үйге жастай тігілген киіз үйлерде, тошала, қарсы бөлмелерде қарын-қарын сары майдың аузы кесіліп отқа тасталды, қаптағы құрт, ірімшік, жент тағамдарының тігісі сөгілді. Ғ.Біл.
