Posted in

ТІЗГІНІН ІРІКТІ (ЖИДЫ)

Арынын басты, аяғын тартты, сабыр қылды. ~ Төбе-төбенің басын иелеген қалың шерікті байқап, бір сәт тізгінін іркіп, сәл кідіріп, «қап» деп бармағын тістеді. Ж.Шәк. ~ Роза, неге екені белгісіз, тізгінді іркіп кібіртіктеп қалған. Қаны қызып еліріп алған жануар ауыздықты сүзіп бұлқынса да жібермеді. Т.Сәу. ~ Қаратай бейтаныс жігіттің кісіні матап тастар сиқыр торына қас-қағым сәтке түсіп қалса да, тез тізгінін жиып, қызмет бабы арқылы қанына сіңіп қалған керенау мінезбен орнынан тұрып, коридорға шығып кетті. Д.Ис.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *