Иелік етті, билікті қолына алды. ~ Бұл осы ұжымшардың үшінші фермасының кеңсесі; Ақүйік өзенінің алқымын жайлаған малшы жұрттың тізгінін ұстаған қара шаңырағы. Д.Дос. ~ Аттың қай жағынан мінуді білмейтіндер тізгін ұстап‚ түкірігі жерге түспей тұр ғой. Қ.Түм. ~ Ал біз ше, қазағым, алашым, мілләтім деп өмешегігі үзіліп тұрған кім бар? Ұзағаны руым деп мөңірейді. Тіпті тізгін ұстағандардың өзінде мемлекетшілдік сана жоқ. Азаматының сиқы осындай елде қандай болашақ болмақ? Т.Сәу. ~ Заман қиындап барады. Тураушы да туғаның болсын дегендей Нұрәлі тізгін ұстап тұрса бізге жаман болмайтыны белгілі. Б.Соқ. ~ Баласы Қаби атқа мінген Кенжебайдың құла аты бірінші келіп еді ғой, тізгінді кім ұстады. Бұрып жібергенін қарашы! Ж.Шәк.
