Posted in

ТІЗГІН ҰШЫМЕН

Асығыс, апыл-ғұпыл д.м. ~ Егер бұлай боларын білгенде, Мамозы Абдоллаға тізгін ұшымен өзі шапса да, екі аттың көзін құрттыратын еді де, сол аттарды тауып бере алмағаны үшін «әрі ұры, әрі жалақор, барып тұрған бұзақы» Арыппайды су түбіне батырған болар еді! Ж.Ах. ~ Шығармалары қашан орта мектепті бітіргенше өлкелік қазақ баспа сөзінде тізгін ұшымен жарияланып тұрды. Ж.Шәк. ~ Қаладан Шихалдайдың шабарманы жетті. Қолында бүкіл үкірдай– зәңгілер ертеңнен қалмай Шәуешекке жетсін деген шақыру қағазы бар. Сонысын табыс етті де, тізгін ұшымен ілгері кетті. Қ.Жұм. ~ Жол– жөнекей әлдебір фармацевтік қоймадан дәрі дәрмек алмақ болып, айналып қалған Баяхмет тізгін ұшымен вокзалға жеткенде, Алматы– Семей пойызының жүруіне санаулы ғана минуттар қалып еді. Қ.Жұм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *