Бірікті, ұжымдасты, ортақ іске жегілді, қатар жүрді. * Айқайлап жайған көп жылқы Бір уыс болып қалады. Тізе қосып екеуі, Айдап кетіп барады. А.Байт. ("Қ.Қ.Қоб.") * Жалғызбын дейтін емессің, көмегіне партия мүшелері бар, комсомолдар тобы бар. Тізе қосып отырып жұмысты бұрқыратпас па? Б.Май. * – Қаракесектің бір кезде өзіңізбен тізе қосып, сүбелі сөзге араласқан Қали дейтін жүйрігі бар екен. Мағаштан жасы үлкен, өзінің атағы да дардай көрінеді. М.Әу. * Мынау маңына жан жуи алмайтын пайғамбардың қасына не касиетіммен келіп, немді өткізіп тізе қостым мен?!. З.Қаб. * – Ендеше тіпті жақсы. Ал біз екеуміз тізе қосқанда, бүгінгі шабуылдың абыройын басқа біреу алып кетсе, тіпті ұят болар. Т.Ахт.
