Қаһарлы раймен тікірейе қарады; көзімен атты. * Айналасына тікендей қадалатын кішкене өткір шегір көзін қысыңқырап алып, ауық-ауық мойнын созып жоғарыға қарайды. О.Сәрс. * Өткен өміріме тағы бір үңілсем, шуақты күндер, әдемі қақтығыстар есіме түсіп, ішім жылып сала берді. Ал сорақы беймаза жәйттар жүрегіме тікендей қадалады. Қ.Тол. * Бұл сөз бастапқы кезде менің жаныма тікендей қада-лушы еді. Б.Соқ. * Тоқта, сонда екеуінің арасында уәделескен бірдеңе болды ма екен? Әсіресе осы күдік көкірегіне тікендей қадалып тұрып алды. Ә.Нұрп. Жабысып алып, айрылмады. ~ Тұнғатар тәуір жігіт болып өседі де, Үкімен тұз – еңбегі жарасып, оң жақта қалың ойнайды. Осындай жарастықты көңілдердің арасына Сартай тікендей қадалмақ болады. Қыз оған көнбейді. С.Мұқ.
