Posted in

ТІКЕСІНЕН САЛДЫ (ҚОЙДЫ, ДҮҢК ЕТКІЗДІ)

Турасын айтып салды. * Тез құтылуы үшін өтірік те айта салуы ықтимал. — Келер айға дейін отыз сом қарыз бер,— деп, тікесінен салды. Қолдан жасаған будан қасиеттері әлі санасына сіңіп үлгермеген бе, Абыралы бөгелмеді. М.Қаб. * Сондықтан генералгубернатор әңгімені тікесінен қойды. Мұндай келте қабылдауды күтпеген Қоңырқұлжа сасып қалды. І.Ес. * Десе де Едігенің ойы өзінің сәтсіз өміріне қайта оралды. Әй, сорлы дүния-ай десеңші! Құда да тыныш, құдағи да тыныш болып, ал, Зәрипа, мен сені сүйемін, деп қалай ғана тікесінен қойып қалуға болар екен. Ш.Айт. * – Әке-шешем ұнамаса да ұрынып көрейін деп тұрмын. Қолдайсыз ба, Молдаш аға, – деп тікесінен дүңк еткізді. Ғ.Біл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *