Айтқанды тыңдамады. ~ Қартаң бай, қатты сақ бол, тілге көнсең, Мүйіз шығар қатынның тіліне ерсең. Тіпті оңбассың, өзіңе өзің мәз боп, Дастарқан мен қатынды мақтан көрсең. Абай. ~ Жұртты ықтырып ұстаған Итбай, Амантайды да қорғалатам деп еді, оған Амантай көнбеді Тілге көнбеген адамға Итбайдың қолданар шарасы: малын ұрлату, қара басына пәле салу болатын. Итбай Амантайға осы екі әдістің екеуін де қолданды. С.Мұқ. ~ – Байғұс балам, – деді бір уақытта Шәйкүл, көнбіс шобыр қатыныңды қоя беріп, құрыққа көнбейтін тартпаңды тапқан өзің, тілге көндің бе? Жалпақ елге аты жайылған нау етекке намаздыгер – намазшамның арасында ынтық болдың да қалдың. Ендігің не? Т.Әл.
