Posted in

ТІЛІНІҢ ҚОТЫРЫ БАР

Ащы тілді, мысқылшы. ~ Мұны жеген соң, мен де бақсы болып кетермін, — деп Малыбай әйелін шағып алды. Жұрт ду күлді. Күйеу баласының доп түскен әзіліне разы болған Балжан бәйбіше де кеңк-кеңк күліп отырған еді. — Үндемей жүргенмен, мұның тілінің қотыры бар. К.Қаз. ~ Қу бастан қуырдақтық ет алатын, тілінің қотыры бар әзілқойлардың айтуынша, бір күні ел жайлаудан түсе, Қарашаның бір топ адамы Зайсанның базарына мал айдап барған көрінеді. Қ.Жұм. ~ – Әртіс екен! – Ғайша миығынан күлді. «Өзінің аузын ашып, тілін көрер ме еді,– деп ойлай қалдым,– Тілінің қотыры бар шығар». М.Қаб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *