Posted in

ТІЛІН БЕЗЕДІ

Керісті, дауласты; тіл тигізді. * Себебі, біраздан соң жиылысқа келіп, болыстар әмір жүргізіп, билер билік құрып, шешендер тілін безеп жатқанын дегендей, әлденеше түрлі «адамшылық» атты бір «бақ» кез болды. Шәк. * Тату болмайтын не жетті со құрлы? Есін білгелі бір үлкен адамның бетінен алып, тілін безеген бұл Есілбеков емес. Д.Әш. * … даланы енді қайта көрер-көрмесі неғайбыл пендеше көз жасын сығып, түнере тіл безеп, рахат жағдайда, мәдениеті мол қалада тұрып жатыр. Ғ.Қаб. * Мал үшін тілін безеп, жанын сатқан өлеңшілерден жиіркенуші едім, бұл күнде солардың тұқымы қаулап өспесе, өшпеген екен, жүдә. Т.Сәу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *