Posted in

ТІЛІ БАЙЛАНДЫ (ТІЛ БАЙЛАЙДЫ)

Сүйсініп не қорқып, қатты тебіреніп, сөйлеуге шамасы келмей қалды. ~ Ақша жүз, алқызыл бет тіл байлайды. Абай. ~ Сонадай жерден-ақ балталарын оңтайлап барады. Тіл байланған, сөз жоқ… Ғ.Мүс. ~ Мен алып жүрейінші, – дегім кеп бір-екі рет оқталдым, бірақ батылым бармады. Тілім байланғандай, сөз айта алар жерде емес едім. Тіпті үнім де шықпайтын тәрізді. З.Қаб. ~ Байқады, әлі сүйілгенін, Талықсып ол тәубаменен, Жалынғалы кешу сұрап, Қалтырайды… тіл байланды. Ол бақытты, сауға айналды. І.Жанс.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *