Тұтығып, кекештеніп, дұрыс сөйлей алмайды. ~ – Осы кекеш – тәп-тәуір ақын-ей. Тілі мүкіс болған соң, радио – телевидениеден көріне алмай қор болып жүр. Т.Сәу. ~ Көмейі бүлкілдеп, бес-алты шет тілінде емен-еркін бұлбұлдай сайрайтын. Тек ана тіліне келгенде тілі мүкіс, көңілі кердең. Т.Сәу. ~ Бірақ терезесі тең құрбы болуға оның тәрбиесі де, білім-білігі де менікінен әлдеқайда артық және оған орысша тілімнің мүкістігін қосса тіпті төмендеп қалам. Т.Ахт. ~ Эргаш келді. Тілінде мүкіс жоқ, таза қазақша сөйлейді. Қ.Түм.
