Тілі ащы. ~ Асқар сол кездің өзінде әрі декадент, әрі диссидент. Білмейтіні жоқ. Сөзі кесек, ойы бөлек, тілі қыршаңқы. Орысша-қазақша аралас сөйлейді. Г.Бельг. ~ Осынау тілі қыршаңқы әйелдің ұлы сөзінің мәнін кейін түсіндім. Мен тұрып киінгенде де, Василий мен кемпір екеуін қағытып, Санька келіні әлі тиісіп жүр екен. Б.Мом. ~ Содан әкесі екеуі Шапанбай шалдың ұрпағы болып жүр. Оны тіпті Мәрия апай «Чапанбаев» деп шақырады. Содан бері тілі қыршаңқы Қуаныштың ағалары «Чапаев» деп алды. С.Досж.
